Өңірде ауа райы құбылып тұр
Жетісу облысында республикалық маңызы бар трассаның бір бөлігі ертеңге дейін, яғни, 27 ақпанға дейін жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстағы ауа райы құбылғандықтан, «ҚазАвтоЖол» көліктің барлық түрі үшін жолды жапты.
«2026 жылы 26 ақпан күні, сағат 11:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енді. Жолды 2026 жылдың 27 ақпанында, сағат 09:00-де ашу жоспарланған», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».