Алматыда ВИЧ жұқтырған ер адам досының 13 жастағы қызын зорлаған

Автор: Бақыт Шынар

Полиция бұған қатысты ресми түсініктеме таратты

Фото: istockphoto.com

Адвокат Ләззат Рақышева осыдан екі күн бұрын Алматыда болған жан түршігерлік оқиға туралы жазған еді. Оның мәліметіне сүйенсек, ата-анасы ажырасқан, анасы алкогольді ішімдік ішіп, рульге мінгені жазасын өтеп жатқан 13 жастағы қыздың сол отбасының досы болған ер адам зорлап кеткен. Адвокатқа келген мәлімет бойынша, зорлықшы ВИЧ инфекциясы бар азамат, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алматыда 13 жастағы қыздың зорланғанын Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Іс былтыр тергеліп, желтоқсанда сотқа кеткен. Дегенмен, полиция соттың қандай шешім шығаратынын бақылауда ұстаймыз дейді.

«Кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасау дерегі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында барлық қажетті процессуалдық әрекеттер объективті, жан-жақты әрі жедел түрде өткен болатын. 2025 жылдың желтоқсан айында аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдары қарау үшін сотқа жолданды», - деп хабарлаған полиция.

Ләззат Рақышеваның айтуынша, түрмедегі әйел қызының зорланғаны туралы ақпаратты арада уақыт өткен соң барып білген.