Дәрігерлер баланың асқазанынан тиынды алып шықты
Маңғыстаудағы көп салалы балалар ауруханасының дәрігерлері 50 теңгелік тиын жұтып қойған бес жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, баланың ата-анасы ауруханаға 21 ақпан күні келген. Олардың айтуынша, бала үш күн бұрын 50 теңгелік тиын жұтып қойған.
«Ата-анасы тиын баланың ішінен өзі түсіп қалады деп үміттенген. Бірақ, баланы рентген аппаратына түсіргенде тиын оның асқазанында тұрғанын көрдік. Сондықтан, бірден оны алып шықтық», - дейді дәрігерлер.
Бұдан бөлек, осы аурухананың дәрігерлері жаңғаққа қақалып, ол өкпесіне кетіп қалған баланы да аман-есен құтқарып алған.