Балалар роботтарды қызықтап, оны видеоға түсірген
Ақтөбе қаласының полицейлері білім беру ұйымдардағы тәртіпке робот-гуманоид пен робот-итті тартып, балалармен кездесу өткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің әлеуметтік желіге жүктеген видеосында байқалғандай, балалар роботтарды көріп, мәз-мейрам болған.
«Кездесуге интерактивті робот-гуманоид пен робот-итті алып бардық. Олар полиция қызметкерлерімен бірге мектептерді аралап, оқушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында танымдық сабақтар өткізді», - деп хабарлайды Ақтөбе полициясы.
Ойын форматындағы кездесуде полиция мен робот-полицейлер желідегі қауіпсіздік, жеке деректер мен онлайн-алаяқтық туралы ақпарат берген.