Ғимараттың бірінші қабатындағы қойма отқа оранған
Қызылорда қаласында екі қабатты автосервис дүкенінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт Қызылорда қаласының Жеңіс көшесінде орналасқан автосервис дүкендерінің бірінде болған. Екі қабатты нысанның бірінші қабатындағы қойма отқа оранған. Мәліметтер бойынша:
Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады;
Қоймада сақталған автобөлшектер мен керек-жарақтар жанып кеткен.
«Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт толықтай сөндірілді», — деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.