Қостанай облысында туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері мен есепшісі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар ірі көлемде ақша жымқырған

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысындағы Тубдиспансер басшысы мен бухгалтері ірі көлемде ақша жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

«Олар дезинфекциялық заттарды мемлекеттік сатып алулар арқылы келісім-шарт жасау үшін коммерциялық ұйымның өкілінен алдын ала келісілген 1 милиион теңгенің 236 мың теңге көлемінде пара алу бойынша айыпталуда», - дейді Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменің басқарма басшысы Рүстем Болатов.