Құтқарушылар 19-20 ақпан күндері де көшкін қауіпі бар екенін ескертеді
2026 жылдың 19-20 ақпанында оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тауларында қар аралас жаңбыр жауып, күн күрт жылынады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі аймақ халқына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін атқарған жұмыстың есебін ұсынған ТЖМ 2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың басында тек қана Алматы қаласы мен Жамбыл облысының тауларында 23 рет қар көшкіні жүргенін хабарлады.
Одан бөлек, профилактика үшін құтқарушылар Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының тауларында 32 рет қолдан қар көшкінін жүргізген.
Ал, ертең 19 ақпан мен 20 ақпан күндері осы өңірлердегі тауларға қар аралас жаңбыр жауып, күн күрт жылынады.
«Осыған байланысты, «Қазгидрометтің» болжамына сүйене отырып, осы күндері Алматы қаласы, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысының тауларында табиғи қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеміз», - деп хабарлайды ТЖМ.