Баланың жағдайы қазір жақсы
Түркістан қалалық балалар ауруханасы ауырып ауруханаға түскен 15 жастағы қыздың асқазанынан 1 келіге жуық шаш алып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дәлірек айтсақ, шаштың салмағы 900 грамм болған.
«Ота екі сағат елу минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлайды Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер асқазандағы шаш сияқты бөгде заттарды дер кезінде алмаса, адамның өміріне қауіп төнетінін алға тартып отыр.