Ол бірнеше жыл бойы еліміздің ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен
Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.
«Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», - деп жазды ол.
Серікжан Бескемпіров 1960 жылы дүниеге келген. 2012 жылдан бері Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінде. Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз үлесін қосқан еді. Еңбек жолын 1983 жылы Үштөбедегі ет комбинатынан бастаған. 2006-2012 жылдары Текелі қаласының әкімі болды.
Еске салайық, бүгін пневмониядан облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те көз жұмды. Осы лауазымда бір жылдан аса қызмет еткен марқұм өңірде коронавирус індетінің таралмауы үшін қауіпсіздік талаптарын енгізіп, ел амандығын сақтау мақсатында еңбек еткен болатын.