Шымкентте түнгі клубтың иесі қыз-жігіттерге шар «үрлеткені» үшін полицияның қолына түсті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Әйел адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған

Фото: скриншот

Шымкент полициясы заңсыз жолмен зиянды газ баллонын алып, келген қыз-жігіттерге шар «үрлеткен» түнгі клуб иесін қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz мәліметінше, түнгі клуб өкілдері қауіпті азот газын ұсынып, қосымша ақша тапқан.

«Түнгі клубты тексере келе полиция зиянды баллон, сондай-ақ, баллон ішіндегі азот құйылған шарлар табылды. Түнгі клубқа келген азаматтар соны сатып алып, қолданған», - деп хабарлайды полиция.

Құқық қорғау органдары түнгі клубтың иесіне қатысты қылмыстық іс қозғап, зиянды заттарды тәркілеген.