14.02.2026, 14:07
Оқиғалар
Жамбыл облысында жол апатынан үш адам зардап шекті
Жолда жеңіл көлік аударылған
Фото: © istockphoto.com
Жамбыл облысы, Қордай ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Отар ауылының маңында жеңіл көлік аударылып, ішіндегі жолаушылар зардап шеккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, апат бүгін, 14 ақпанда, Отар ауылынан небәрі 1 шақырым жерде болған. Жеңіл автокөлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған.
Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жедел жетіп, зардап шеккендерді көліктен шығару жұмыстарын жүргізді.
Көлік ішінде болған үш адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған:
Бір жолаушы өздігінен қозғала алмағандықтан, құтқарушылар оны зембілмен тасымалдады;
Үш адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Қазіргі уақытта олар ауруханада жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды