Алматы әкімдігі метроның 1593 метр тоннелін қазғаны үшін жерастына шар іліп, мереке өткізген (ФОТО)

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлап отыр

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына метро құрылысына қатысты ақпарат жазып, бірнеше сурет жүктеген. Суреттердің бірінде жерастына шар іліп, той тойлағаны байқалады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Алматыда «Бауыржан Момышұлы» мен «Қалқаман» метро бекеттері арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң жақ бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды», - деп жазған әкімдік.

Дереккөзге сүйенсек, сол жақ бағыттағы тоннель қазылып қойған. Әрі ол жерде рельс жолдары төселіп, барлық инженерлік жүйелер орнатылды.

«Жаңа «Қалқаман» бекетінің ғимараты салынды, қазір іші жөнделіп жатыр. Қажетті жабдықтар жетті, енді оларды монтаждау қалды. Құрылыс тәулік бойы тоқтамайды», - деп хабарлайды әкімдік.

Тегтер: