Бұл зауыттардың қазір компанияға қатысы жоқ
Ақпан айының басында, дәлірек айтқанда, 2 ақпан күні Azattyq Rýhy редакциясы Halyqstan телеграмм-арнасына сілтеме жасай отырып, Жамбыл облысында «Қазфосфатқа» тиесілі зауыттарда екі жұмысшы қаза тапқанын жазған еді. Кейін редакцияға хабарласқан компания бұл мәліметтерді жоққа шығарды.
Анықталғандай, жұмысшы қаза болған «Новоджамбул фосфор зауыты» «Казфосфат» компаниясының құрамына кірмейді. Екінші оқыс оқиға «Казфосфат» кәсіпорынында емес, мердігер ұйымға қатысты болған. Осылайша, екі қайғылы оқиғаның да Казфосфатқа қатысы жоқ. «Казфосфат» осы деректерді растау үшін ресми құжаттарды редакцияға ұсынды.
Айта кетейік, бұрын «Новоджамбул фосфор зауыты» «Казфосфат» ЖШС құрамына кірген. Қазір олардың әрқайсысы жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, компания минералды тыңайтқыштар зауытындағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылғанын да хабарлап, комиссияны құру туралы бұйрықтың көшірмесін көрсетті.
Сондықтан, редакция ресми түрде бұл екі өлім «Қазфосфат» зауытына қарасты мекемелерде болғанын жоққа шығарады.