Жаңатас тұрғындары желіге әртүрлі видеоларын салып жатыр
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қатты жел соғып, үйдің шатырлары ұшып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңатас жұрты қатты желдің салдарын видеоға түсіріп, желіге таратып жатыр. Ал, әкімдік болса, халыққа ескерту жасап, аса қажеттілік болмаса, далаға шықпауға кеңес береді.
«Жаңатас қаласының тұрғындары! 2026 жылдың 6 ақпанында Жаңатас қаласында қатты жел соғып, бірнеше көп қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аса қажеттілік болмаса далаға шықпауға кеңес береміз. Сондай-ақ, қалада да қауіпсіздікке баса назар аудара жүріңіздер», - деп хабарлайды қала әкімдігі.
Әзірге белгілісі, қаладағы мектептерде бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа ауысқан.