СҚО-да оқушы қыз мектептің дәретханасында сірке суын ішіп, ауруханаға түсті - баланың жағдайы ауыр

Автор: Бақыт Шынар

Қазір бала ауыр хәлде жатыр

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Гусаков елді мекенінде оқыс оқиға тіркелді: 16 жастағы оқушы қыз сірке суын ішіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға кеше, 4 ақпан күні болған. Сабақ кезінде ол мұғалімнен сұранып, дәретханаға баратынын айтқан. Анықталғандай, ол дәретханаға 70 пайыздық сірке суын ала барып, соны ішіп қойған.

Жерде жатқан қызды мектеп қызметкерлері көріп, шұғыл түрде жедел жәрдем шақырған. Аудандық аурухана облысқа хабарласып, санитарлы авиация қызды Петропавлға жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлағаелай, қазір тергеу басталған.

«Айыртау ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 16 жастағы оқушы қыздың уланғаны туралы ақпарат 4 ақпанда түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.