Түркістан облысында 451 грамм алтын қазып алған 5 адам үйқамаққа қамалды

Автор: Бақыт Шынар

Жалпы, алтын қазуға 12 адам тартылған

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысы Созақ ауданында даладағы алтынды өз бетінше игерген бір топ адам анықталып, оларға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдары алтын игеру үшін рұқсат қағаз алмаған 12 адамды анықтаған. Олар экологиялық заңнаманы бұзып, өндірістік қауіпсіздік талаптарын ескермей, 451 грамм алтын игерді деген күдікке ілініп отыр.

«Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлғаларға қатысты тергеу 5 адамды үйқамаққа алды», - деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.