Бір үйір жылқы көрші ауылға жайылып кеткен еді
Түркістан облысы Сауран ауданының полициясы жергілікті тұрғынның арызы бойынша бір үйір жылқыны іздеуге кіріскен. Бірақ, анықталғандай, мал ұрланбаған, тек көрші ауылға жайылып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, Сауран ауданында тұратын әйел полицияға келіп, 21 жылқысының жоғалғанын айтқан. Ұрланған малдың саны көп болғандықтан, полиция бірден іске кіріскен.
«Полиция жан-жақты тексере келе жылқыларды көрші ауылдың жайылымынан тапты. Сауран ауданының тұрғыны полицияға алғыс айтты», - деп хабарлайды полиция.