Олардың төртеуі - балалар
Алматы облысында суға шомылу маусымы басталғалы бері 8 адам суға кеткен. Оның ішінде төртеуі - балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы облыстық ТЖД қызметкерлерінің күнделікті жүргізетін профилактикалық жұмыстарына қарамастан, облыста суға шомылу маусымы ашылғалы 8 адам суға кеткен. Олардың төртеуі - балалар. Осы уақыт аралығында 19 адам құтқарылды», - деп жазылған хабарламада.
Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданында 2005 жылы туған бала суға кетіп, оның денесі екі күннен кейін табылған.