Өлім себебі сотмедсараптамадан кейін белгілі болады
Оралда көпқабатты тұрғын үй ауласынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Порталдың хабарлауынша, ер адамның денесі 8 шілде күні Циалковский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан табылған.
«Үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлім себеьі сотмедсараптамадан кейін белгілі болады», - дейді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Айта кету керек, полиция қызметкерлері үйді қоршап алған. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр.