Жалпы, 2026 жылдың басынан бері 110 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген
Жыл басынан 126 қылмыстық құқық бұзу фактісі тіркелген, оның ішінде 110 факт сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Бұл туралы бүгін, 3 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында хабарланған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
«89 адамның заңсыз қызметі тоқтады. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 млрд теңгені құрады, бюджетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды», - деп хабарлаған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты.