Бурабайдағы мектептің асханасында «шамадан тыс алкоголь ішіп», ата-ана құқығынан айырылған адам жұмыс істеген

Автор: Бақыт Шынар

Заң бұзу фактісін прокуратура анықтады

Фото: istockphoto.com

Бурабай ауданының прокуратурасы  орта мектептің біріндегі асхананың жұмысынан өрескел заң бұзу фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балаларды тамақтандыру үшін конкурс жеңіп алған азамат конкурсқа жалған құжаттар арқылы қатысқаны белгілі болды. Кейін, прокуратура анықтағандай, өз міндетін бұл салада мүлде біліктілігі жоқ және рұқсат қағаздары жоқ азаматқа берген.

«Өз кезегінде ол жұмысқа алкогольді шамадан тыс тұтынатын, сондай-ақ осы негіздер бойынша бұрын ата-аналық құқықтарынан айырылған адамдарды тартқан», - деп хабарлайды прокуратура.

Осылайша, құзырлы орган хабарлағандай, балалардың өміріне қауіп төнген. Прокуратураның ұсынуы бойынша шарт бұзылып, оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз берілді, мектеп директоры атқарып отырған қызметінен  кетті, конкурс комиссиясының мүшелері мен аудандық білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.