Дәрігерлер ана мен балалардың денсаулығы жақсы екенін айтты
Қостанай облысында 3 ұлдың анасы үшем қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
31 жастағы Сымбат Шарапеева сәбилерді өз күшімен босанған. Екі баланың салмағы – 2600 грамм, ал үшінші бала – 2300 грамм, бойлары бірдей – 49 сантиметр. Дәрігерлер ана мен нәрестелердің жағдайын жақсы деп отыр, дегенмен көпұрықты жүктілік тұрақты медициналық бақылауды және жоғары деңгейдегі перинаталдық көмекті қажет ететінін ескертті.
Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үш жылдан бері үшем дүниеге келмеген екен.
Үшемнің анасы жүктілік кезінде бірнеше рет стационарлық ем қабылдаған. Ол перзентхана ұжымына алғысын білдірді.