Әуежай әкімшілігі өз аумағындағы санитарлық қауіпсіздікке ерекше назар аударатынын жеткізді
Алматы әуежайындағы сусын жасайтын лас аппараттар алынып тасталды. Алдағы уақытта кәсіп иесімен келісімшарт бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған дейін жолаушылардың бірі апельсин шырынын жасайтын вендиң аппараттың іші тола шыбын-шіркей екенін айтып, шағымданған еді. Редакция санитарлық талаптардың сақталмауы бойынша әуежай әкімшілігімен байланысқа шықты.
«Қазіргі таңда вендиң аппараттары әуежай аумағынан толықтай шығарылып, алынып тасталды. Аппаратқа жауапты контрагентке келісімді бұзу туралы ресми сұрау жіберілді. Әуежай мұндай жағдайларды орынсыз деп есептейді және өз аумағында санитарлық қауіпсіздік пен қызмет сапасына ерекше мән береді», - деді аэропорт өкілі.
Алматы халықаралық әуежайы жолаушылардан кешірім сұрады.