Алматы полициясы автобуста 4,1 млн теңгені ұрлап алған әйелді халат киген қалпында ұстап алды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: скриншот

Алматыдағы қоғамдық көліктің ішінде жолаушының алтыны мен ірі көлемдегі ақшасын ұрлап алған әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, автобуста тұрған ол жолаушы әйелдің теңгелей және шетелдік валютадағы ақшасын және алтынын ұрлап алған. Залалдың жалпы сомасы 4,1 млн теңге.

Ұрлық жасағаннан кейін әйел келесі аялдамадан түсіп қалған. Полиция жедел әрекет ете отырып, әйелдің жеке басын анықтады. Әйелді тінту кезінде одан ұрлап алған дүниелер табылды. Күліктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция оны қолға түсірді.