29.01.2026, 13:05
Оқиғалар
Астанадағы жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады (ВИДЕО)
Жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: скриншот
Кеше, 28 қаңтар күні Астанадағы Сарайшық көпірінде жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі адамның өмірін бір сәтте қиған апаттың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада көрініп тұрғандай, Түркістан көшесі жағынан Сарайшық көпірімен келе жатқан Toyota маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі кенеттен қарсы бағытқа шығып кетіп, екі жеңіл көлікті қағып кеткен. Оқиға орнында екі адам қаза тапқан, алайда олардың қай көлікте отырғаны белгісіз.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды