«Билет құны – 16 мың теңге»: астаналықтар жазда Балқашқа тікелей ұшып бара алады

Автор: Бақыт Шынар

Рейсті «Qazag Air» компаниясы ұшырады

Фото: freepik.com

2026 жылдың 1 маусымынан бастап Астанадан Балқашқа тікелей рейс ұшады деген жоспар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл турады Қарағанды облысының туристік ақпараттық орталығы хабарлаған. Бұдан өзге, Алматы мен Балқаш арасында тікелей рейс ұшыру үшін конкурс өтеді деген жоспар бар.

«Биыл 1 маусымнан бастап Астана – Балқаш - Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосу жоспарланған. Билет бағасы – 16 000 теңге. Конкурстық комиссияның шешімімен бұл бағыттағы тасымалдаушы ретінде «Qazag Air» АҚ анықталды», - деп хабарланған орталықтың ресми ақпаратында.

Дереккөзге сүйенсек, Балқаштың әуежайы жөнделіп, ұшақ қабылдауға дайын.