28.01.2026, 15:24
Оқиғалар
Астанада екі оқушы қыз ойлап тапқан инкубатор балапан басып шығарды
Оқушы қыздар ғылыми жобаларының жемісін көрген
Фото: Астана әкімдігі
Астанадағы №111 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары – Перизат Кеңесбек пен Айжан Жасан жетекшілері – Алтынай Жолбасованың және Айнұр Кошкарованың қолдауымен қолдан инкубатор құрастырып, одан алғашқы балапан алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, осы жылдың 26 қаңтарынан бастап жоба нақты нәтижесін беріп, алғашқы балапандар жұмыртқа жарып шығарды.
«Бұл сәт жас зерттеушілерге ерекше қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады. Өз қолдарымен жасаған құрылғының жұмыс істеп, тіршіліктің пайда болуын көру – оқушылар үшін нағыз ғылыми жетістік болды», - деп жазады әкімдік.
Жоба барысында оқушылар:
- инкубатордың құрылымы мен жұмыс істеу принципін меңгерді;
- температура мен ылғалдылықтың маңызын тәжірибе жүзінде бақылады;
- жұмыртқаның даму кезеңдерін зерттеді;
- теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, нақты нәтижеге қол жеткізді;
- жауапкершілік пен ұқыптылыққа үйренді;
- табиғат заңдылықтарын тереңірек түсінді;
- тәжірибелік бақылау жүргізу дағдыларын дамытты.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды