Қосшыда бес балалы әйелді азаматтық некедегі күйеуі кішкентай қызымен бірге сабаған

Автор: Бақыт Шынар

Сот жаза ретінде оған 100 сағат түзету жұмысын кесті

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысындағы Қосшы қаласында көп балалы әке әйелі мен кішкентай қызын сабаған. Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор арнайы құжат толтырып, азаматтық некедегі әйеліне жоламау туралы талап қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға 2025 жылдың қазанында Қосшы қаласында болған. Учаскелік инспектор тексеруге келіп, әйел ғана емес, оның екі жасар қызы да зардап шеккенін анықтады. Сондықтан, ер адамға қатысты әйеліне жоламау туралы қағаз берген. Қылмыстық істі тіркеп, оны тергеп, сотқа жолдады», - деп хабарлайды полиция.

Сот істі қарай келе, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін ер адамды 100 сағат қоғамдық жұмысқа жекті.