Қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысында жантүршігерлік қылмыстық оқиға тіркелді. Кәмелетке толмаған қызын зорлаған өгей әке өзі-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2026 жылғы 24 қаңтарда полицияға 13 жастағы қыз балаға зорлық жасалғаны туралы арыз түскен.
Тексеру барысында алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз баланы зорлаған оның өгей әкесі екені анықталды. Аталған азамат 2026 жылғы 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған.
«Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі - кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді.