Ұлттық кітапханада азаматтарға жалған награда таратқан адамға айыппұл салынды

Автор: Темірхан Айжан

20 мың теңгеге жуық айыппыұл салынды 

Фото: istockphoto.com

Алматыдағы Ұлттық кітапханада жиын өткізіп, жалған мемлекеттік наградаларды таратқан адамға үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот анықтағандай, 2025 жылғы желтоқсан айында азамат Ұлттық кітапхана ғимаратында дөңгелек үстел ұйымдастырып, тиісті рұқсатсыз және өкілеттіктерсіз мемлекеттік наградаларға ұқсас атаулары мен сыртқы белгілері бар наградаларды табыстаған.

ӘҚБтК-нің 674-бабының 2-бөлігі бойынша аталған заңсыздыққа жеке тұлғаларға - бес, лауазымды тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды, белгілерді тәркілеуді көздейді.

Сот айыпталушыға 19 660 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.