Полиция Алматыдағы үнді студенттерін жинап алып, Қазақстанның заңдарын түсіндірді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Кездесу Асфендияров атындағы университеттің студенттерімен өткен

Фото: скриншот

Алматы қаласының полициясы Асфендияров атындағы медициналық университетте оқып жүрген үнді студенттерін жинап, Қазақстанның заңдарын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Полицияның мәліметінше, қазір Алматыда мыңдаған шетелдік студент білім алады. Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Асхат Құлбаевтың айтуынша, бұндай кездесулер қылмыстың алдын алуға бағытталған.

«Алматы туристер мен шетелдік студенттерді қуана қарсы алатын қала. Шетелдік жастардың білім үшін біздің қаланы таңдап жатқаны қуантады. Қазір қалада мыңдаған шетелдік студент білім алады. Соңғы уақытта олар қылмыс жасайтын фактілер жиілеп кетті. Сондықтан, осы кездесудің мақсаты – қылмыстың алдын алу, қылмыстың салдарымен емес, себебімен күресу», - дейді Құлбаев.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Алматы тұрғыны Асфендияров атындағы университетте оқып жүрген үнді студент қызына тиіскенін айтып, дабыл қаққан еді. Сондай-ақ, Қордай маңындағы дол апатынан бірнеше үнді студенті қаза тапқан еді.