Абай облысында заңсыз пайда болған 191 қоқыс полигоны үшін әкімдер жаппай жазаланған

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы прокуратура хабарлады 

Фото: istockphoto.com

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семей қаласының, сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей және Аягөз аудандарының аумақтарында заңсыз пайда болған 191 қоқыс полигоны табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша рұқсаты жоқ осы 191 қоқыс орны жойылған.

«Осыған жол бергені үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатарынан лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасы.