Ақтөбеде ескі кілемі мен көрпесін қоқысқа тастаған бірнеше адамды полиция жазалайтын болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Кейбір тұрғындар ескі дивандарын да қоқысқа тастаған

Фото: скриншот

Ақтөбе қаласының полициясы үйіндегі ескі кілем, ескі көрпе мен үлкен жиһаздарын тұрғын үй аумағындағы қоқыс контейнерлеріне лақтырған азаматтарды камера арқылы анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі сондай бірнеше фактінің видеосын ұсынған. Жалпы, қаңтар айының жиырмашақты күнінде осындай 300-ге жуық факт тіркелікті.

«Мысалы, 16 қаңтарда Есет батыр тұрғын үй алабындағы ер адам үйіндегі ескі көрпесін қоқыс контейнерінің қасына тастап кеткен. 17 қаңтарда Есет батыр көшесінің тұрғыны үйінен тұрмыстық жиһаздың (диван) ірі бөлігін алып шығып, қоқыс контейнерінің қасына тастаған. 18 қаңтарда Алтынсарин көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғыны ескі кілемдерін қоқыс контейнерінің жанына тастай салған», - деп жазады Ақтөбе полициясы.

Айтып өткеніміздей, полиция оларды бейнебақылау камералары арқылы анықтап, үстерінен әкімшілік іс қозғаған.