20.01.2026, 16:36
Оқиғалар
Жамбыл облысында үш күн, үш түн иен далада адасып жүрген малшы табылды (ВИДЕО)
Бақташы осы күндері малдарының жанында түнеп жүрген
Фото: ТЖМ
Жамбыл облысының құтқарушылары 17 қаңтар күні таңертең мал жаюға шығып, үйіне қайтып оралмаған малшыны аман-есен іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар малшыны тез арада табу үшін дрон мен кинолог мамандарды тартқан. Жалпы, ер адамды іздеу үшін ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері де тартылған.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ер адам шаруа қожалығынан 15 шақырым қашықтықта табылды. Анықталғандай, ол осы күндері далада, малдарының жанында болған», - деп хабарлайды ТЖМ.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Жамбыл облысында малшыға көмекке шығып, жоғалып кеткен әйел табылған еді.
Көп оқылған
21.04.2026, 10:47
«Мұғалімдердің бәрі бірдей ерекше балалармен дұрыс қарым-қатынас орната алмайды»: Бектенов Сүлейменоваға жаңа тапсырма берді
21.04.2026, 13:49
Қазақстанда зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі тағы да көтерілуі мүмкін
21.04.2026, 16:37
Астанада бұрынғы қызына 150 рет қоңырау шалған жігіт 100 сағат бойы көше тазалайтын болды
21.04.2026, 11:50
«Жүйе қателесті»: BI Group клиенттен алдымен «сүйінші» сұрап, он күннен кейін баспанасын алып алған