Мамандар Есіл өзенін неге 840 жерден тескені белгілі болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Мұз үстіндегі тесікке қамыс «егіледі»

Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы «Есіл-Астана» кеме қатынасы компаниясының мамандары Есіл өзенінің бойынан 840 тесік ойып, оған қамыс салған. Бұл – өзен астындағы балық қорын сақтау үшін жасалған әрекет, деп жазады Azattyq Rýhy.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағанлай, қалың мұз су астындағы оттегіні азайтады, ал оттегі азайса, балықтар қырылады.

«Мамандар Есіл өзенінің үстіне 16 үлкен ойық, 840 тесік пен 32 мұзойық салды. Тесікке қамыс салды. Жалпы, мамандар «Арқар» көпірінен «Марал» көпіріне дейін, «Қараөткел» көпірінен «Атырау» жаяу жүргіншілер көпіріне дейін, «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірінен «Тұлпар» көпіріне дейін, сондай-ақ «Тұлпар» көпірінен газ жабдықтары ауданына дейін тесті», - деп хабарлайды әкімдік.

Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қызметкері Жанар Сәдуақасованың айтуынша, бұндай кейін су астындағы оттегені бір режимде сақтайды.