Өрт 2025 жылдың сәуірінде болған
Қостанай қалалық соты үйі өртеніп кеткен адамның талабы негізінде өртке қатысты дауды қарап, нүктесін қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сенсек, үй иесі пәтерін жалға берген. оны жалға алған адам сәуір айында пешке көп от жағып, соның салдарынан өрт шыққан. Үй иесі мүлкінің түгелдей дерлік бүлініп қалғанын алға тартып, жалдап тұрған адамды сотқа берген. Сотқа жүгінген ол шығынын 1.7 млн теңгеге бағалаған.
«Іс материалдарын қараған сот бұл талаптың негізді екендігі туралы қорытындыға келді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, жауапкерден 1 700 000 теңге мөлшерінде материалдық залал, сондай-ақ сот шығындарын өндірді», - деп хабарлайды Қостанай соттары.