$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы түрме басшылары сотталғандарды жұмысқа артық жегіп, жалақысын төлемеген

Бұл туралы елорда прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады
 

Астанадағы түрме басшылары сотталғандарды жұмысқа артық жегіп, жалақысын төлемеген
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған азаматтардың құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында сотталғандар жалақысын уақытында алмағаны, жеке еңбек шарты жасалмағаны, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталған екен.

«Қадағалау актісі бойынша сотталған 13 адам жұмыс істеген артық сағаты үшін қосымша үстемақыларын алған. Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - деп хабарлайды прокуратура.