Олар зауыт маңында құрылыс жұмысын жүргізген
Череповец металлургиялық комбинатында қайтыс болған екі қазақстандықтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мердігер ұйымның жұмысшылары зауытта құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан кезде қаза тапқан.
Тергеу «еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі адамның қаза болуы» фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 143-бабының 3-бөлігімен жүргізіліп жатыр.
«Оқиға орнында тексеру жүргізілді. Қажетті құжаттар тәркіленді. Куәлар мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынып жатыр. Мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандарымен бірлесіп, өндірістегі жазатайым оқиғаның себептері мен оған әсер еткен жағдайларды анықтауға бағытталған тергеу ұйымдастырылды», - деп хабарлады Волгоград облысының тергеу комитеті.
Еске салсақ, 14 қаңтарда Череповец зауытының аумағынан екі қазақстандықтың мәйіті табылған.