$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еденнің астына мылтық жасырған: Астанада қараусыз қалған вагоннан қарулар табылды

Қылмыстық іс қозғалды 

Еденнің астына мылтық жасырған: Астанада қараусыз қалған вагоннан қарулар табылды
Фото: iStockphoto

Елордада 9-12 қаңтар аралығында өткізілген «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында 4 тапанша мен 3 мылтықты тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция анықтағандай, тұрғындардың бірі қараусыз қалған вагонның еденінің астына сигналдық және пневматикалық тапаншалар сақтаған, тағы бірі үйіндегі диванның астына мылтық жасырып келген. Тағы бір азаматты жеке тінту кезінде травматикалық тапанша табылған.

Аталған фактілер бойынша қаруды заңсыз сақтау дерегімен қылмыстық істер қозғалды.

Полиция қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін азаматтарға заң талаптарын қатаң сақтап, қаруды қауіпсіз әрі заңды түрде сақтау, сондай-ақ заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсыру ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары