Тергеу жүріп жатыр
Ресейдің металлургиялық комбинатында екі қазақстандық азамат көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Северсталь» компаниясының Череповец металлургиялық комбинатының аумағынан екі адамның мәйіті табылған.
«2026 жылдың 14 қаңтарында Череповец металлургиялық комбинатының өндіріс алаңында мердігер ұйымның екі қызметкері – Қазақстан азаматтары өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта қайтыс болу себептері анықталуда, арнайы қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген компанияның «ВКонтакте» желісіндегі ресми парақшасындағы хабарламада.
Волгоград облысының тергеу комитеті хабарлағандай, оқиға орнына қажетті процессуалдық шараларды жүргізу үшін Череповец қаласының тергеу бөлімі қызметкерлері аттанды.