Елордада заңсыз айналымдағы медициналық препараттар тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген препараттардың жалпы сомасы 3,7 млн теңге

Фото: ашық дереккөзден

Елордалық полицейлер заңсыз айналымнан жалпы сомасы 3,7 млн теңгеге медициналық препараттарды тәркіледі, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері дәрілік заттар мен медициналық құралдардың заңсыз сатылуын анықтау бойынша жедел-алдын алу іс-шараларының алғашқы тәулігінде заңсыз айналымнан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептикалық құралдардың ірі партиясын тәркіледі. 

«Тәртіп сақшылары хабарландыру сайттары арқылы термометр, ингавирин, парацетамол, цефтриаксон және басқа да дәрі-дәрмектер сатқан интернет-қолданушыларды анықтады. Тәркіленген дәрі-дәрмектің жалпы сомасы 3 млн 700 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 63 дана термометрді, сондай-ақ жалпы сомасы 3 млн теңге шамасында медициналық плащ, маскаларды заңсыз сатқан қала тұрғынын анықтады», - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар Түркістан көшесінде 200 мың теңге сомасында 100 литр антисептикалық құрылғыны заңсыз сату фактісі анықталды. Әрбір анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық бағасы берілетін болады.