Жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша қылмыстық іс қозғалды
Теміртау қаласының 8-ші шағын ауданында 23 жастағы Nissan Cefiro автокөлігінің жүргізушісі тұрақтан кері жүріп шыққанда 73 жастағы әйелді соғып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді, әсіресе аула мен тұрақта маневр жасағанда, барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.