Таразда жаяу жүргіншілер жолынан өткен жасөспірімді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

14 жастағы бала ауруханаға жеткізілді

Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласында Төле би және Жамбыл даңғылдарының қиылысында Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта 21 жастағы жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді, көлік құралы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.