$ 509.84  595.75  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысындағы жантүршігерлік қылмыс: полиция ерлі-зайыптының 30 жастағы қызын да іздеп жатыр

Марқұмдардың күйеу баласына да іздеу жарияланған

Атырау облысындағы жантүршігерлік қылмыс: полиция ерлі-зайыптының 30 жастағы қызын да іздеп жатыр
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысының Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптының 30 жастағы қызына да халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен Махамбет ауылының 29 жастағы тұрғынына халықаралық іздеу салынды. Ер адам – марқұмдардың күйеу баласы. Бұл қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция енді күдіктінің 30 жастағы жұбайына да із-түссіз жоғалу бойынша халықаралық іздеу жариялаған.

Естеріңізге салайық, Жангелдин ауылының тұрғындары 2025 жылы белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тараған мәліметтер жағдайдың одан әрі күрделене түскенін көрсетті. Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы  «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тек 2026 жылдың 6 қаңтарында ғана ерлі-зайыптының мәйіті қорадан табылған. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Атырау #қылмыс