Оқиға көшенің бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Астанадағы жылы аялдамалардың бірінде төбелес болып, ер адам аялдаманың есігін сындырып кеткен еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып, полиция күдіктіні іздей бастаған. Айта кетейік, жылы аялдама Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында тұр.
Полицияның анықтағанындай, аялдамада тұрған екі ер адам төбелес шығарған. Біреуі жерде жатқан шыны бөтелкені алып, аялдаманың есігін ұра бастаған.
Жедел іздестіру шараларының барысында полиция 35 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол енді әкімшілік жаза ретінде 15 күнін уақытша қамау изоляторында өткізеді.