Полиция оны дереу қолға түсірді
2026 жылдың 8 қаңтарынан 9 қаңтарына қараған түні Қызылорда қаласында көрші жігіт кішкентай баланың көзінше оның анасы мен әжесін пышақтап өлтірген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бала WhatsApp арқылы досына хат жазып, «полиция шақыршы» деп шарқ ұрған. Оқиға орнына келген полиция екі әйелдің мәйітін тапты.
«Егде жастағы әйел мен оның 34 жастағы қызы пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмыс жасады деген күдікпен олардың көршісі ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Қылмыстың себебі анықталады», - деп хабарлайды полиция департаменті.