Ол ауруханада көз жұмған
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматы-Бішкек трассасындағы жан түршігерлік жол апатында Үндістаннан Қазақстанға келіп оқып жүрген екі студент оқиға орнында мерт болған еді. Ауыр жараланған үш студенті біреуі бүгін ауруханада жан тапсырған, деп жазады Azattyq Rýhy
Үшінші студенттің қаза болғанын Үндінстанның Қазақстандағы елшілігі ресми аккаунтында хабарлаған.
Айта кетейік, Қордай маңында өртеніп кеткен көліктің ішінен Каран Пармар мен Риширадж Бараит есімді үнді студенттерінің денесі табылған. Олар Раджастхан штатының тумалары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқып жүрген.
Жол апаты осыдан екі күн бұрын, 6 қаңтарда Алмаиы-Бішкек тас жолының бойында болған. Әлеуметтік желіде таралған видеоға қарасақ, Қордай маңындағы апатта бір көліктің түгі қалмай жанып кеткен.