«Ауа райы нашар»: Жетісу облысындағы тас жол қатарынан үш күн жабық тұрады

Автор: Бақыт Шынар

«ҚазАвтоЖол» азаматтарды сақ болуға шақырады

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Бүгін, 9 қаңтар күні түскі сағат 12:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» тас жолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметіне сүйенсек, тас жолдың 84-164 шақырымы, яғни, Көктұма ауылынан – Достық стансасына дейінгі бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабық болады.

Болжам бойынша жол дүйсенбі, 12 қаңтар күні, таңғы сағат 08:30-да ашылады.