«Үш сиырды артып әкеткен»: Бәйдібек ауданында ағалы-інілі екі жігіттің ұрлығы дронға түсіп қалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Полиция қылмыстық іс тіркеді

Фото: скриншот

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ағалы-інілі екі жігіттің ұрлығы полицияның дронына түсіп қалған: олар біреудің қорасынан ірі қара мен біраз ұсақ малды артып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy. 

Түркістан облысының полиция департаменті хабарлағандай, екі жігіт ұрланған малды Ордабасы ауданындағы бір адамға сатып жіберген. олардың аудан ішіндегі әрекеті түгелдей полицияның дронына түсіп қалған. Сол видеолардың арқасында құқық қорғау органдары ұрланған мал мен ұрылардың қайда жүргенін тез тауып алған.

Қазір полиция олардың басқа да қылмысқа бар-жоғын білу үшін сотқа дейінгі тергеу бастады.