Осы 125 адамның арызы негізінде пирамида құрғандарға жаңа айып тағылып отыр
Павлодар облысында «HAS» пирамидасын құрып, бес мың азаматтар 1,2 млрд теңгеден астам қаражат жинаған адамдар 6 жылдан 12 жылға дейін сотталған еді. Оларға үкім шыққаннан кейін тағы 125 азамат осы пирамидаға 821 млн теңге ақша салғандарын айтып, арызданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың арызы негізінде Қаржы мониторинг агенттігі пирамиданың негізін қалаған азаматтарға бірқатар жаңа айып таққан.
«2026 жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды», - деп хабарлайды ҚМА.
Айта кетейік, пирамиданы құрған қылмыскерлер бес мыңнан астам адамды алдап кеткен. олардан түскен 1,2 млрд теңге ақшаға 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесін, автотұрақ орындарын, тұрғын емес үй-жайлар сатып алып, қалған ақшаны шотта сақтаған. Сот орындаушылар біраз салымшының 300 млн теңгесін қайтарып берген еді.
Ал, жаңадан арыз жазған 125 адам жалпы сомасы 821 млн теңге ақша салдық деп отыр. Осы арыздар негізінде қаржы пирамидасын құрған азаматтар Астана аумағынан аумағында орналасқан, құны 525 млн теңге болатын бірнеше жер мен «A.D.A.M. group» ЖШС сатып алған. Қылмыстың ізін жасыру үшін компанияны басқа адамның атына тіркеп қойған. Сол жер телімдері мен компания активтерін арестке алды.
«Қаржы мониторинг агенттігі «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды агенттіктің өз аймағындағы бөлімшесіне барып, арыз жазуды сұрайды», - деп хабарлайды ҚМА.